Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні көзге жиі түсетін болды (видео)

kz.kursiv.media

Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні көзге жиі түсетін болды (видео)

Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркінде мекендейтін Түркістан сілеусіні аздап болса да көбейді. Қызыл кітапқа енген жануар көзге жиі түсетін болды.

Табиғи мекеме қызметкерлері сәрсенбі, 17 маусымда Жоңғар Алатауы ұлттық паркін мекендеген бірнеше сілеусіннің видеосын жариялады. Жыртқыш аңдар парк аумағына орнатылған фото-видеотұзаққа түсіп қалған.

Мекеме мәліметінше, қазір парк аумағын 70-80 бас түркістан сілеусіні мекендейтіні анықталып отыр. 2023 жылы қорғаудағы табиғи аймақта 71 сілеусін бары айтылған. Соған қарағанда, олардың саны сәл де болса көбейген.

Ұлттық парк орман белдеулерінде мекендейтін сілеусінін бақылау мақсатында 2020 жылдан бері фототұзақтар орнатып жүр. Мониторингтің заманауи әдісі олардың санын анықтауға көмектеседі. Бұған дейін қанша жыртқыш аң барын мамандар іздеріне қарап бағамдайтын.

Kursiv.Media бұған дейін Қатонқарағай ұлттық паркінде қоңыр аю, тауешкі, құны және қасқыр фототұзаққа түсіп қалғаны туралы жазған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар