Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана – Қорғалжын жолында қараңғыда жанатын жол таңбасы пайда болды

kz.kursiv.media

Астана – Қорғалжын жолында қараңғыда жанатын жол таңбасы пайда болды

Астана – Қорғалжын тасжолында түнде жарқырайтын ерекше жол таңбасы пайда болды. Пилоттық жобаны «ҚазАвтоЖол» іске қосты.

Сынақ учаскесі автожолдың 23-шақырымында орналасқанБұл бағыт көлік қозғалысының көптігіне, күрделі ауа райына және жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаске болғанына байланысты таңдалды. Соңғы үш жылда аталған аумақта алты жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жол таңбасын жасау үшін люминесцентті бояу қолданылған. Ол күндіз жарық энергиясын жинақтап, қараңғы уақытта жанады. Осылайша жол сызықтары жүргізушілер үшін анық әрі жақсы көрінетін болады.

«Соның арқасында жол таңбалары түнгі уақытта, жарық жеткіліксіз жағдайларда және жүргізушілер үшін қозғалыс бағытын алдын ала көру аса маңызды учаскелерде айқын көрінеді«,– делінген хабарламада.

Сынақ барысында мамандар жол таңбасының қаншалықты анық көрінетінін, сондай-ақ оның жаңбыр, қар, температураның күрт өзгеруі және көлік қозғалысынан түсетін тұрақты салмаққа қаншалықты төзімді екенін бағалайды.

Сонымен қатар жол мамандары мұндай жол сызықтарының жүргізушілердің жол жағдайын бағдарлауына қалай әсер ететінін зерттейді.

Егер тәжірибе сәтті өтсе, жарық шығаратын жол таңбалары елдің басқа да республикалық маңызы бар жолдарына кезең-кезеңімен енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, республикалық маңызы бар жолдарда жол белгілерінің жағдайы бір ай бойы тексеріледі. Мамандар еліміз бойынша шамамен 140 мың жол белгісін қарайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар