Том Хардиге ұқсаймын деген Телжан Ахметов Тредстің басты меміне айналды
Тредс желісінде актер Том Хардиге ұқсаймын ба деп сауал тастаған қазақ жігіті Телжан Ахметов бір айға жетпей басты «жұлдызға» айналды. Тіпті ірі компаниялардың SMM қызметі Телжанның бейнесін өз жазбаларына пайдаланып жатыр.
Телжан Ахметов 8 маусымда парақшасына «Том Хардиге ұқсаймын ба?» деген сұрақ қойып, әйгілі актер екеуінің суретін қатар жүктейді. Оқырмандардың кейбірі «қымыздың қос тамшысындай», «бір-бірінен айнымайтын қос суретті жүктеудің қажеті не» дегендей әзіл-қалжың аралас пікір қалдырған.
Сол уақыттан бері жазбаны 32 мың адам бөлісіп, 95 мың адам лайк басқан. Уақыт өте келе желі қолданушылары Телжанның жазбасын өз контентіне пайдалана бастады. Ал ірі брендтердің SMM командасы Телжан Ахметовтың бейнесін парақшаларында қолданып, «Том Хардиге ұқсай ма» деген тренд бастап кеткен.
Бірақ желі оқымандары әзіл жарнама үшін Телжан Ахметовтан рұқсат сұрады ма екен, адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға болмайды деп дау айтып жатыр.
«Қазақстандық Телжан Ахметов әзілдеп Томас Хардимен ұқсастығы туралы сұрап, елдің басты меміне айналды. Алайда бұл тренд тез арада коммерциялық бағытқа ауысты: @bi.group және @kulikov_kz сияқты ірі брендтер сауданы қыздыру үшін оның суретіне өз логотиптері мен өнімдерін қосып, жарнамаларына біріктерді. Егер бұл әрекет автордың КЕЛІСІМІНСІЗ жасалған болса, онда құқықтық тұрғыдан алғанда, мұндай механика тұлғаның мүліктік емес жеке құқықтарын бұзу және пайда табу мақсатында өзге адамның бейнесін заңсыз пайдалану деп саналады», – дейді оқырманның бірі.
Телжанның өзі бір жазбадағы пікірде компаниялардың пиар қызметі еш рұқсат сұрамағанын айтады. Бірақ күтпеген танымалдықтан таңғалып отырғанын да жасырмайды.
Осыған дейін желіде суретін салып, қызықтап жүрген әйгілі мем – бұртиған еркек туралы жазған едік. Танымал болып кеткен мемнің кім екенін білгіңіз келсе, мына жерден оқи аласыз.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 маусым 2026