Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

15 маусымда еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

kz.kursiv.media

15 маусымда еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 15 маусымға Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Бірқатар өңірде желдің екпіні күшейеді

Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанып отыр.

Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні кей жерлерде 23-25 метрге дейін күшеймек.

Кей облыстарда аптап ыстық болады

Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысында күндіз ауа температурасы +39 градусқа жетсе, Жетісу өңірінде +38 градусқа дейін ыстық болады. Абай облысында да сынап бағаны 37 градусқа дейін көтеріледі.

Төтенше өрт қаупі сақталып тұр

Синоптиктер бірнеше өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Абай, Алматы облыстарының бірқатар аудандарында, сондай-ақ Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Алматы қаласы мен Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады.

Мамандардан кеңес

Мамандар найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, ашық алаңдарда ұзақ болмауға және көліктерді ағаштардың астына қоймауға кеңес береді. Сонымен қатар аптап ыстық кезінде күн астында ұзақ жүрмеу, су қорын көбейту және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.

Айта кетейік, бұған дейін маусым айында 46°С-қа дейін ыстық болатынын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар