Ақнәр Гүлстанның өлімі: Іс қашан сотқа жетеді?
Жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақнәр Гүлстанның тергеуі әлі аяқталмаған, іс материалдары Қытайға жіберілген. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс министрлікке қарасты өндірістің тергеу департаментінде. Алматыдан аса маңызды істер бойынша аға тергеуші жіберілді. Сараптама қорытындысы және қылмыстық істің кейбір материалдары Қытай Халық Республикасына жіберілді. Қазір сол жақтағы әріптестерден жауап күтіп отырмыз», – дейді ол.
Оның сөзінше, Ақнәр сол елде тұрып, сол жақта оқығандықтан материалдарды арнайы жіберген.
Іске қатысты әлі ешкім күдікті деп танылмағанын да атап өтті.
Еске сала кетсек, 22 жастағы бойжеткен Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, мерт болған еді. Бастапқыда «өз өзін өлтіру» бабы бойынша іс қозғалған. Бірақ Ақнәрдің анасы денесінде азаптау белгілері болғанын айтып, тергеу нұсқасымен келіспей отыр. Туыстары іст «Өзін-өзі өлтіру» бабынан «Адам өлтіру» ауысуын талап етіп отыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 10
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 маусым 2026