Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Колледждер спорт залдары мен бассейндерін жалға бере алады

kz.kursiv.media

Колледждер спорт залдары мен бассейндерін жалға бере алады

Қазақстандағы мемлекеттік колледждер енді сабақтан тыс уақытта спорт нысандарын жалға бере алады. Тиісті өзгерістер «Білім туралы» заңға енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек жалпы білім беретін мектептерде болған. Енді колледждердің спорт залдары, бассейндері, стадиондары және басқа да спорт нысандары сабақ аяқталғаннан кейін жергілікті тұрғындардың пайдалануына берілуі мүмкін.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, спорт нысандарын жалға беруден түсетін қаражат колледждердің спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталады. Атап айтқанда, бұл қаражат нысандарды жөндеуге, күтіп ұстауға, жаңа спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға жұмсалады.

Министрлік бұл шара мемлекеттік колледждердегі спорт нысандарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ бұл бастама бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және азаматтардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Айта кетейік, мектептерді қаржыландыру жүйесінде өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бюджет қаражатын бөлу тәртібіне сәйкес, облыс деңгейінде бөлінетін қаржы қайтадан аудандық деңгейге берілмек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар