Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

kz.kursiv.media

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті кезекті шешімін шығарып, базалық мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа, 16,75%-ға дейін төмендетті.

Оған дылдық инфляцияның тоғыз ай бойы төмендеуі себеп болған. Маусым айында жылдық инфляция 10,3% деңгейінде тұрақтаған. Ал азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,7% деңгейінде сақталды. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының жылдық төмендеуі кезінде реттелмейтін қызметтердің қымбаттауы аясында қызметтер инфляциясы 9,0% (мамырда – 8,7%) көрсетті.

Бас бнк қабылданған шешім жылдық инфляцияның төмендеу үрдісін ескеріп, ақша-кредит шарттарын соған сай түзетуге мүмкіндік беретінін атап өтеді.

«Келесі шешімдерді қабылдау үшін ағымдағы инфляция динамикасының орнықтылығы, реттелетін тарифтерді индекстеу параметрлері, сыртқы отын және тауарлар нарығындағы ахуалдың дамуы туралы деректерді жинақтау қажет. Ұстамды қатаң ақша кредит шарттарын дәйекті түрде сақтау инфляцияның одан әрі төмендеуіне және ортамерзімді перспективада мақсатты 5%-ға оралуына ықпал етеді», – делінген бас банк хабарламасында.

Бұл ретте бас банк инфляцияға әсер ететін факторларды қысымә әлң де жоғары екенін атап өтеді. Олардың қатарында құбылмалы инфляциялық болжамдар, жанар-жағармай бағасы мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің өсуі, тұтынушылық белсенділіктің ықтимал күшеюі, сондай-ақ сыртқы нарықта мұнай бағасың қымбаттауы, азық-түліктің қымбаттауы бар.

Базалық мөлшерлемені 2025 жылдың қазанына дейін 18 пайыз деңгейінде ұстаған бас банк маусым айындағы шешімінде негізгі көрсеткішті бірден 17 пайызға дейін төмендеткен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке базалық мөлшерлеме мәселесін пайымдап шешуді тапсырғаны белгілі.

Бұған дейін нарық өкілдерінің базалық мөлшерлемеге қатысты болжамы әртүрлі қалыптасты. Бір сарапшылар өзгеріссіз қалдырады десе, екіншілері 0,25 пайыздық тармаққа түсіреді деп болжады.

Ұлттық банк сауалнамасына қатысқан сарапшылар жыл соңына қарай базалық мөлшерлеме 16 пайызға дейін төмендейді деген пікір білдірген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар