Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Араб ханзадасының Лондонда есірткіден қайтыс болғаны анықталды

kz.kursiv.media

Араб ханзадасының Лондонда есірткіден қайтыс болғаны анықталды

Сауд Арабиясының ханзадасы Абдулла бин Фахад әл-Саудтың мәйіті Лондондағы Marriott қонақ үйінде 2025 жылғы 25 қарашада табылған. Оның есірткі мен алкогольді араластырып ішкені енді ғана мәлім болып отыр. Сараптама қорытындысын The Telegraph жариялады.

Басылым мәліметінше, марқұмның қанынан үш есе көп мөлшерде алкоголь, гамма-гидроксибутират (GHB), каннабис және ксанакс анықталған. Ханзада мәйіті былтыр күзде 600 фунт стерлинг тұратын нөмірден табылған.

Сот барысында марқұм ішімдікті көп ішкені, есірткіге әуе болғаны айтылған. Ханзада үш ай бойы Лондондағы ауруханада емделген.

Сот тыңдауы барысында 29 жастағы араб жігітінің қонақ үйге 19 қарашада бір аптаға орналасқаны айтылды. Соңғы мәрте оны қайтыс болған күні кешке көрген. Ханзада темекі шегу үшін сыртқа шыққан.

Марқұмның денесін жуынатын бөлме еденінен тауып алған. Дәрігерлер оны құтқара алмай, қайтыс болғанын жариялаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар