Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Челси" аңызы Дидье Дрогба Дастан Сәтбаев жайлы пікір білдірді

kz.kursiv.media

Челси аңызы Дидье Дрогба Дастан Сәтбаев жайлы пікір білдірді

«Челсидің» аңызға айналған шабуылшысы Дидье Дрогба қазақстандық жас талант Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты пікір білдірді. Оның пайымдауынша, 17 жастағы шабуылшыға жалға беріліп кетпей, лондондық ұжымның сапында қалып, өз орны үшін күрескен жөн.

CFC F_Boy порталы таратқан дерекке сүйенсек, Дрогба Сәтбаевтың ойынын тұрақты бақылап жүр, әсіресе Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы кездесудегі өнеріне жоғары баға берген.

Дидье Дрогба жас футболшының қарым-қабілетін ерекше атап өтіп, «Челси» басшылығын оған сенім білдіруге шақырды:

«Оның өсіп-өркендеуі үшін «Челсиден» жақсы клуб жоқ. Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы қалай өнер көрсеткенін бәріміз де көрдік. Азулы да тәжірибелі қарсыластың өзі жас ойыншының шеберлігіне сүйсінді», – деді ол.

Аңыз футболшының сөзінше, Дастанның бойында жоғары деңгейде өнер көрсетуге қажетті деңгей де, өзіне деген сенімділік те, мінез де бар.

Дрогба егер Сәтбаевқа алаңда жеткілікті уақыт берілсе, ол лондондық клубтағы бәсекеге төтеп беріп, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алатынына кәміл сенімді.

«Ол «Челсиде» қалып, өз орнын дәлелдеуі керек. Мүмкіндік беріңіздер, алаңға шығарыңыздар – сонда оның қандай деңгейге көтерілегенін өздеріңіз көресіздер», – деп түйіндеді сөзін бұрынғы шабуылшы.

Сөз соңында Дрогба футболшыны өзге клубқа жалға беру идеясын қолдамайтынын айтып, клуб басшылығы Сәтбаевтың Лондонда шыңдалуына жағдай жасайды деген үмітін білдірді.

Оқи отырыңыз: Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы ойынын өткізіп үлгірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар