Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2 млрд теңге: Ұлттық банк топ-менеджерлерінің сыйақысы бір жылда 25 пайызға артқан

kz.kursiv.media

2 млрд теңге: Ұлттық банк топ-менеджерлерінің сыйақысы бір жылда 25 пайызға артқан

Ұлттық банктің басқарма құрамы мен директорлар кеңесіне кіретін топ-менеджерлер 2025 жылы 2 млрд теңгеден аса сыйақы алған. Бұл туралы бас банктің қаржы есебінде жазылған. Оған ең бірінші болып «Ручная экономика» телеграм-арнасы назар аударды.

«2025 жылы ҚҰБ Басқармасының және Директорлар кеңесінің мүшелеріне персонал шығысы 2,058,304 мың теңгені (2024 жылы: 1,692,435 мың теңге) құрады. Персонал шығысына жалақы мен басқа да төлемдер қосылған», – делінген қаржы есебінде.

Ұлттық Банк- Қазақстан Республикасының орталық Банкі. Оның мақсаты – Қазақстандағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бас банк ақша-несие саясаты жүргізіп, төлем жүйелері қызметін қамтамасыз етіп, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамсыз етіп, статистикалық есеп жүргізеді.

Ұлттына банктің басқарма құрамы 9 мүшеден тұрады:

Ал Директорлар кеңесінің құрамына ҰБ төрағасы мен орынбасарларынан бөлек, 21 адам кіреді.

Бұған дейін Ұлттық банкке тиесілі «Мемлекеттік кредиттік бюро» бес топ-менеджеріне 200 млн теңге сыйақы төлегені белгілі болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар