Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Комиссиясы жоғары: Бірыңғай QR неге кәсіпкерлердің көңілінен шықпай тұр

kz.kursiv.media

Комиссиясы жоғары: Бірыңғай QR неге кәсіпкерлердің көңілінен шықпай тұр

19 шілдеден Банкаралық мобильді төлем жүйесі іске қосылып, бірыңғай QR жұмыс істей бастады. Ол бір банктің қосымшасынан екінші бір банктің QR-ы арқылы төлем жасауға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар жүйеге қатысушы банк клиенттері телефон нөмірі арқылы басқа банкке лезде ақша аудара алады.

Сарапшы Тұрар Әбдінің пікірінше, біңыңғай QR есепті жеңілдетіп, әсіресе шағын және орта бизнес үшін техникалық шығындарды азайтады. Дегенмен, сарапшы көптеген дүкендерде Kaspi мен Halyk терминалдары әлі де қала береді деген пікірде. Осы ретте сарапшы жүйенің бірнеше кемшілігін атап өтті:

Cонымен қатар әлеуметтік желідерде кәсіпкерлер жүйенің бизнес үшін қымбатқа түсетінін жазып жатыр.

«Бұл бірыңғай QR-ды қатты күткен едім! Ақыры мына 4 түрлі терминал «зоопаркінен» құтылып, бір-ақ банкті қалдырып, тыныш жұмыс істеймін ғой деп ойлағам. Әттең, үмітім ақталмады. Банктер бизнеске арналған тарифтерін шығара бастап еді, не көрдік? Kaspi: басқа банк үшін 1,35%. Halyk жай ғана 1,25% қоя салған. Шағын бизнеске жеңілдік жасаудың орнына, комиссия жасырын өскен. Халықаралық Visa немесе Mastercard-қа төлесек бірсәрі, (айтпақшы, БЦК-да 0,8%), ал мұнда бәрі ел ішінде айналып жатыр ғой!?» ,- деп сауал тастайды желі қолданушысы.

Тағы бір кәсіпкер бұл ретте әр банктің терминалымен жұмыс істеген тісді екенін жазады.

«Kaspi Bank де өзге банктер үшін 1,35% алады, ал өзінікіне 0,95%. Халық банк те өзге банктер үшін 1,1%алады, ал өзініңкіне 0,5% алады. Әзірге әр қайсысының өзінікімен жұмыс жасаған тиімді болып тұр. Егер пайызы бірдей болса, ойланып көруге болады. Kaspi Bank де төлемдер бірден түседі. Халық банктікі ертесі күні түседі», – деп жазады желі қоланушысы.

Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Бинұр Жәленовтің айтуынша, елде Visa мен Mastercard сияқты халықаралық төлем жүйелеріне балама болатын ұлттық цифрлық платформа бой көтеріп келеді. Отандық банктердің басын бір жүйеге біріктірген соң, жаңа инновациялық сервистерді кезең-кезеңімен енгізуге жол ашылады.

Атап айтсақ, жыл соңына дейін банктаралық шот ұсыну (инвойсинг) қызметін іске қосу жоспарда бар. Бұл деген – кез келген банкте тіркелген сатушы тұтынушының өзі қолданатын мобильді қосымшасына бірден төлем шотын жібере алады.

Сондай-ақ платформа мүмкіндігі шекарааралық төлемдер мен аударымдарды да қамтиды. Жәленовтың айтуынша, қазірдің өзінде Қытай мен Қырғызстанның төлем жүйелерімен біріктіру келіссөзі жатыр, ал БАӘ, Түркия және Үндістанмен тиісті меморандумдарға қол қойылған. Нәтижесінде, жыл аяғына дейін қазақстандықтар Қытай мен Қырғызстанда еркін төлем жасай алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар