Қостанайда медицина қызметкеріне тіл тигізген зейнеткер айыппұл арқалады
Қостанай соты қызметтік міндеттерін атқару үстінде медицина қызметкеріне тіл тигізген ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қостанай қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабы 2-бөлігі («Медицина қызметкері қызметтік міндеттерін атқару үстінде оған құрметтемеушілік білдіру») бойынша істі қарады.
Сот анықтағандай, 2026 жылғы 16 шілдеде ер адам медициналық мекеме ғимаратында медицина қызметкеріне қасақана тіл тигізіп, балағат сөздер айтып, күш қолданамын деп қорқытқан.
Сот отырысы барысында құқық бұзушының кінәсі дәлелдермен расталды. Жаза тағайындау кезінде сот ер адамның әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып жатқанын, сондай-ақ оның жасын – 70-тен асқанын ескерді.
Қаулыға сәйкес, зейнеткер кінәлі деп танылды. Оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Заңда көзделген 30%-ға төмендетуді ескере отырып, айыппұл сомасы 90 825 теңгені құрады.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кететін жайт, 2026 жылы 7 наурызда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш көрсету мен қоқан-лоққы жасағаны үшін жазалау туралы Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер өз күшіне енді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026