Санжар Жамалов Отбасы банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Отбасы банкінің директорлар кеңесі жалғыз акционер – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұсынысы бойынша қазіргі тәуелсіз директор Санжар Жамаловты өз төрағасы етіп сайлады, деп хабарлайды Отбасы банк.
Енді Санжар Жамалов директорлар кеңесінің төрағасы ретінде кеңес жұмысын ұйымдастыруда, стратегиялық күн тәртібін қалыптастыруда, директорлар кеңесі мүшелерінің арасында сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде және банкті дамыту мәселелерін объективті қарауда дәстүрлі түрде негізгі рөл атқарады.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тәуелсіз директорды директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау қабылданатын шешімдердің объективтілігін нығайтуға, директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыруға және акционер мен басқа да мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтауға ықпал етеді. Отбасы банк директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасын сайлау «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобында корпоративтік басқарудың заманауи моделін дамыту бойынша кезекті қадамы болды. Бұндай тәсіл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, тәуелсіз бақылауды нығайтуға, стратегиялық басқару сапасын және мемлекет үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындайтын ұйымдардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Отбасы банк.
Санжар Жамаловқа дейін бұл лауазымды Жандос Шайхы атқарған болатын.
40 жастағы Санжар Жамалов Отбасы банкінің директорлар кеңесінің құрамына 2022 жылдың ақпан айынан бастап кіреді.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк мамыр айында зейнетақы қорындағы қаржының 34,5 млрд теңгесіне «Отбасы банктің» облигацияларын сатып алғанын жазған едік.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026