Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ламин Ямальдің інісі желі жұлдызына айналды (видео)

kz.kursiv.media

Ламин Ямальдің інісі желі жұлдызына айналды (видео)

Испания құрамасының Әлем чемпионатындағы триумфынан кейін алаңдағы басты жұлдыз футболшылар емес, чемпион атанған Ламин Ямальдің кішкентай інісі болды. Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысының 3 жасар бауыры Кейн Ямаль жеңісті тойлау сәтінде еркелеп, Мундиальдың басты мемына айналды.

Алтын медальдарды табыстау рәсімінен кейін жасыл алаңға футболшылардың жақындары шықты. Осы сәтте кішкентай Кейн өзінің сүйкімді қылықтарымен бірден камералар мен жанкүйерлердің назарын аударды.

Кейн ағасы Ламин Ямальмен бірге ұзақ уақыт жеңісті тойлады. Ол ағасының бас киімін киіп, бір қолымен футбол добы мен қақпа торын ұстап тұрып, екінші қолымен Әлем кубогын көтеруге тырысты.

A post shared by Курсив (@kursiv.media.kz)

Кейннің Әлем чемпионаты кезінде Испания құрамасын қолдаған сәттері, биі мен сүйкімді қылықтары түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде лезде тарап, миллиондаған қаралым жинап үлгерді. Желі қолданушылары оны турнирдің ең сүйкімді кейіпкері ретінде атап жатыр.

Бауырына деген ықыласы ерекше Ламин Ямаль сұхбаттарының бірінде:

«Кіші бауырымды жанымдай жақсы көремін, ол мен үшін өз балам сияқты», – деп ағынан жарылған болатын.

Футболшының отбасында Кейннен бөлек Бараа есімді кішкентай қарындасы да өсіп келеді.

Еске сала кетейік, Испания құрамасы финалда Аргентинаны экстра-таймда Ферран Торрестің голының арқасында 1:0 есебімен жеңген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар