Павлодар облысында кәріз құдығына түскен алты адам қаза тапты
Павлодар облысының Жоламан ауылында сүт фермасының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізіп жатқан алты адам қаза тапты.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2008 жылы туған ер азаматтардың көз жұмғаны анықталды. Тек 1988 жылы туған бір азамат аман қалып, көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға «Aqtogai Milk» ЖШС-де болған. Жұмысшылар кәріз құдығына орнатылған электр сорғысының ақауын жөндеп жатқан.
«Aqtogai Milk» компаниясы Павлодар облысындағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Ақтоғай-Агро» компаниясына тиесілі.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Айта кететін жайт, Павлодар тұрғыны полиция көлігін ұрлап қашып, жол апатына түскен еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026