Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қазақфильм" киностудиясы 2025 жылы 325 мың теңге таза пайда тапқан

kz.kursiv.media

Қазақфильм киностудиясы 2025 жылы 325 мың теңге таза пайда тапқан

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» 2025 жылы 325 мың теңге таза пайда тапқан. Соның 246,8 мың теңгесі жалғыз акционерге дивиденд ретінде төленсе, 105,8 мың теңгесі компания дамуына жұмсалмақ. Бір акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 2 тиынды құрайды.

Киностудияның 2025 жылғы қаржы есебін бекіту мен таза пайдасын бөлу туралы жалғыз акционердің шешімі қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған. Компанияның 100 пайыз акциясы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиесілі.

Кинокомпанияның 2024 жылы тапқан табысы да 316 мың теңгеден сәл асқан.

Тарихы 1930-жылдардан бастау алатын мекеме – Қазақстандағы алғашқы киностудия.

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы – қазақ киносының жүрегі, халықтың тарихын, мәдениеті мен рухын бейнелейтін айтулы туындылар дүниеге келетін еліміздегі басты шығармашылық алаң. Студияның тарихы бір ғасырға жуық уақытты қамтиды және Қазақстандағы киноөнердің дамуының ажырамас бөлігі», – делінген ресми сайтында.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылдың басында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» жаңа даму кезеңіне өтеді деп мәлімдеген. Министрдің айтуынша, фильмдерге бөлінетін қаражаттың кем дегенде 30%-ы тікелей «Қазақфильм» бюджетіне түсіп тұрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар