Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Қытай азаматы бір блоктағы 24 пәтердің иесі болып шықты

kz.kursiv.media

Астанада Қытай азаматы бір блоктағы 24 пәтердің иесі болып шықты

Астанада Қытай азаматы бір блоктағы 24 пәтердің иесі болып шықты. Бұл туралы белсенді Тоғжан Қожалы хабарлады.

Шетелдіктердің жылжымайтын мүліктерді көтерме сатып алуы оны қатты таңырқатқан.

«Астанадан пәтер сатып алып жатырмын. Сатушыдан пәтердің құжаттарын алған кезде бір жайтқа таңғалдым. Бір ЖШС осы блоктағы 24 пәтердің иесі екен. Ал бұл тұрғын үй кешенінде барлығы 5 блок, әрқайсысы 21 қабатты. Мәселе неде? ЖШС-нің иесі – Қытай азаматы», – деп жазды Тоғжан Қожалы.

Белсенді шетел азаматының Қазақстанда еркін жылжымайтын мүлікке ие болу мәселесі туралы сауал қойды. Қазақстан азаматы емес кез келген адамның бұған қол жеткізе алатынына алаңдаушылық білдірді.

«Неліктен құрамында шетелдік құрылтайшысы немесе меншік иесі бар ЖШС Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің иесі бола алады? Егер заң бойынша рұқсат етілсе де, неге иелік ететін жылжымайтын мүлік санына шектеу жоқ? Қазақтардың көпшілігінің қаржылық мүмкіндігі көрші елдердің азаматтарымен салыстырғанда төмен екенін ескерсек, бұл қауіп тудырмай ма? Әлде мен орынсыз алаңдап жүрмін бе?» – деп сауал тастады Тоғжан Қожалы.

Қоғам белсендісінің бұл қорқынышы орынсыз екенін айтып жатқандар да бар. Соның бірі – блогер Мұрат Балабай.

«Сатып ала берсін. Басқа еуропалық елдерде біздің азаматтар да жылжымайтын мүлік сатып алып жүр, оған ешкім шу шығармайды. Ендеше мәселе неде? Бұл – тұрғын үй секторына тартылған инвестиция. Қазақстанға деген сенімнің көрінісі. Елдегі инвестициялық ахуалдың жақсы екенінің белгісі. Өздеріңіз басқа мемлекеттен ондаған пәтер сатып алар ма едіңіздер? Екіталай. Демек, бізде заңнамалық тұрғыдан бәрі дұрыс жұмыс істеп тұр», – деп сабырған шақырды Мұрат Балабай.

Ал белсенді Радим Қадемұлының айтуынша, шетелдіктердің жер теліміне меншік құқығы болмайды. Яғни оларға жері бар жеке үйді иеленуге тыйым салынған. Бірақ олар қалағанынша, тіпті миллиондаған шаршы метр пәтер сатып ала алады.

Айта кететін жайт, маусымда Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 617 555 теңге болды. Ал қалалар арасында ең жоғары баға Астанада тіркелді – 739 033 теңге. Алматыда жаңа үйдің шаршы метрі 725 995 теңге болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар