Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

120 минутқа созылған ойында Испания Аргентинаны жеңіп, Әлем чемпиондары атанды

kz.kursiv.media

120 минутқа созылған ойында Испания Аргентинаны жеңіп, Әлем чемпиондары атанды

2026 жылғы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда ФИФА рейтингінде 2-орында тұрған Испания құрамасы рейтинг көшбасшысы Аргентинаны 1:0 есебімен тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап екі команда да қорғанысқа ерекше көңіл бөлді. Бірінші таймда да, екінші таймда да жанкүйерлер гол көре алмады (0:0).

Екінші таймның соңында, 90+3 минутта Аргентина сапынан Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Негізгі уақытта есеп ашылмағандықтан, матч экстра-таймға ұласты. Алаңда бір ойыншыға кем қалған Аргентина қорғанысы 106-минутта сыр берді. Нико Уильямстың пасынан кейін Ферран Торрес есеп ашып, Испанияны алға шығарды. Қалған уақытта Аргентина сапынан Макаллистердің ескерту алғаны болмаса, есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша, Испания құрамасы өзінің 2010 жылғы нәтижесін қайталап, Әлем чемпионатының бас кубогын басына көтерді.

Ал Аргентина құрамасы үшін бұл ойын 2014 жылғы Бразилиядағы Әлем чемпионатының финалын еске түсірді. Ол кезде де Аргентина құрамасы Германияға дәл осылай экстра-таймда (113-минутта Марио Гетценің голынан кейін) 1:0 есебімен есе жіберіп, алтыннан айырылған болатын.

Бұл біріншілікте чемпиондардың қорғаныс шебі мінсіз ойын көрсетті. Турнир барысында Испания өз қақпасына бір ғана гол жіберді (Бельгиямен өткен ширек финалдық кездесуде, 2:1).

Сонымен қатар, чемпиондардың осал тұсын тауып, Испаниядан жеңіліс көрмеген турнирдегі жалғыз ұжым Кабо-Верде құрамасы болды. Топтық кезеңнің алғашқы турында бұл команда Испаниямен өткен кездесуді 0:0 есебімен тең аяқтап, турнирде чемпиондарға ұтылмаған жалғыз ұжым ретінде тарихта қалды. Одан кейінгі матчтардың бәрінде «қызыл фурия» тек жеңіске жетті (Сауд Арабиясын 4:0, Уругвай 1:0, Австрия 3:0, Португалия 1:0, Бельгия 2:1, Франция 2:0).

Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін турнирдің жекелей марапаттары да өз иелерін тапты. Бұл номинацияларда да чемпиондардың мерейі үстем болды:

30 күнге созылған футбол тойы осылайша аяқталды. Испания Әлем чемпионы, Аргентина күміс жүлдегер, Англия құрамасы үшінші орынды иеленді. Ал, Франция сапынан жалғыз Киллиан Мбаппе жетістікке жетіп, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар