«ШШС» пен «СГЛ»: бейәдеп астары бар дәптерлер желіде дау тудырды
Әлеуметтік желіде мұқабасына бейәдеп сөздерді меңзейтін аббревиатуралар мен астарлы сөздер жазылған мектеп дәптерлері қызу талқыға түсті. Қолданушылардың пікірі екіге жарылса, канцелярия өнімдерін сататын дүкен сұраныстың жоғары екенін айтады.
Желіде тараған фотосуреттерден «СГЛ» (Сен грантқа лайықсың), «ШШС» (шыда, шырағым, сынақ қой) және «ЗБ» (Зайырлы білім) сияқты аббревиатуралары бар дәптерлерді көруге болады.
Осы жайтқа байланысты Kursiv Media «Qazaq Brand» канцеляриялық тауарлар дүкеніне хабарласып көрді. Дүкен өкілдерінің айтуынша аталған дәптерлер расымен де сатылымда бар. Дәптердің бағасы – 115 теңге.
Threads әлеуметтік желісінде бұл тақырып үлкен қызушылық пен пікірталас тудырды. Оқырмандардың реакциясы әртүрлі:
Көпшілік мұндай өнімдердің мектеп оқушыларының тәрбиесіне кері әсер ететінін айтып, бұған тыйым салуды талап етіп отыр.
«Мынаны реттейтін мекеме жоқ па? Ұят екен тіпті», «Сұмдық, сұмдық!», «Осыларды құрту керек», «Мектепте оқитындарға бұл артықтау» деген сияқты ашулы пікірлер көптеп жазылған.
Ал, кейбір қолданушылар бұл жай ғана маркетинг пен әзіл екенін алға тартады.
«Бір жағынан жаман, бір жағынан креатив», десе, кейбір мұғалімдер: «Мұғаліммін. Дәптердің сырты қандай болса да бәрібір, сыртын қоспарақпен қаптаушы едік қой» немесе «Осы дәптерлерді өзім қолданамын» деп өз ойларын білдірген.
Оқи отырыңыз: Мектеп оқулықтарынан 700 қате табылды: министрлік кітаптарды жаңартып үлгере ме
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026