Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық спортшы Го ойынынан халықаралық додада топ жарды

kz.kursiv.media

Қазақстандық спортшы Го ойынынан халықаралық додада топ жарды

Алматы облысында Го ойынынан «Kunanbayev Cup – 2026» III халықаралық әуесқойлар турнирі өз мәресіне жетті. 2026 жылғы 17-19 шілде аралығында өткен, Орталық Азиядағы беделді зияткерлік дода биыл Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Корей Республикасы, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерінен келген 60-тан астам мықты ойыншының басын қосты.

Үш күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жарыстың бас жүлдесі шетелдік шеберлерге бұйырды. Қытайдың тәжірибелі ойыншысы Бао Ифань турнирдің чемпионы атанды. Екінші орынды Корей Республикасының өкілі Ким Дохёп иеленсе, үздік үштікті тағы бір Қытай спортшысы Е Сяоюнь түйіндеді.

Десе де, отандық жанкүйерлер үшін басты қуаныш Орталық Азия деңгейіндегі есепте тіркелді. Қазақстандық спортшы Мерей Хуанбай халықаралық турнирде асқан шеберлік танытып, Орталық Азияның ең үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұл санаттағы күміс жүлде қырғызстандық Эрнұр Эмильевке бұйырса, қола жүлдені Данай Айталиев еншіледі.

Турнир аясында түрлі шеберлік деңгейлері (кю) бойынша да жеңімпаздар анықталды. Отандық мектептің шәкірттері бірнеше санатта қарсылас шақ келтірмей, бірінші орындарды иеленді:

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан бекітілген арнайы номинациялар да өз иелерін тапты. Турнирдің ең жас қатысушысы 7 жасар отандасымыз Сафина Серікова танылса, жасы үлкен қатысушы номинациясы кореялық 70 жастағы Чон Донгюге берілді. «Үздік ойыншы қыз» атағын қазақстандық Амина Абаева жеңіп алса, 10 жасқа дейінгі үздік ойыншы жүлдесі Эмир Сайынға (Қазақстан), ал 14 жасқа дейінгі үздік ойыншы атағы Бакай Мурсалиевке (Қырғызстан) бұйырды.

«Kunanbayev Cup – 2026» турнирінің жалпы жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрап, аймақтағы ең ірі көрсеткішке ие болды. Жарыстың бас демеушісі, Қазақстан Го қауымдастығының президенті Ерлан Құнанбаевтың мәлімдеуінше, алдағы уақытта турнирдің жүлде қорын кезең-кезеңімен екі есе ұлғайтып, 1 миллион АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Го ойыны – 4000 жылдан астам тарихы бар, адамзат өркениетіндегі ең көне интеллектуалдық ойындардың бірі. Ол стратегиялық ойлауды, талдау қабілетін, логика мен ұзақ мерзімді жоспарлау дағдыларын дамытатын күрделі спорт түрі саналады.

Го ойыны Қазақстанға қалай келгені туралы толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар