Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Баянауыл» ұлттық паркінде өрт шықты

kz.kursiv.media

Баянауыл» ұлттық паркінде өрт шықты

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған орман өрті дер кезінде ауыздықталды. Бұл туралы «Қазақ орманы» ақпараттық ресурсы хабарлады.

2026 жылғы 20 шілде күні таңғы сағат 09:23-те ұлттық парктің Жасыбай бөлімшесіне қарасты 21-орам, 31-бөлім аумағында өрт ошағы анықталған. Тілсіз жау шарпыған аумақтың жалпы ауданы 0,003 гектарды құрады.

«Баянауыл» МҰТП орман күзеті қызметінің мамандары мен «Қазавиаорманқорғау» РМКҚ қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында, сағат 10:54-те өрттің таралуы толықтай оқшауланды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жалынды толық сөндіру және қайта тұтанбауын қадағалау мақсатында бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Баянауылда бұған дейін де орман өрті шығып, тілсіз жаумен күресуге және оны толықтай сөндіру жұмыстарына арнайы тікұшақ тартылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар