Рекордтық табыс: Испания Әлем чемпионатынан қанша сыйақы алды
АҚШ, Канада және Мексика аумағында өткен, тарихта алғаш рет 48 команда қатысқан 2026 жылғы Әлем чемпионаты қаржылық көрсеткіштер бойынша да рекордтарды жаңартты. ФИФА турнирдің жалпы бюджетін бұрын-соңды болмаған 871 миллион доллар деңгейінде белгіледі.
Осы орайда, финалда Аргентинаны тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанған Испания құрамасы ең қомақты қаржылай сыйақыға ие болды.
Қатарда өткен 2022 жылғы Әлем чемпионатында бас жүлдені иеленген Аргентина құрамасы 42 млн доллар алса, биылғы чемпион Испания 51 млн доллар таза табыс тапты.
Турнирдің жүлде қоры кезең-кезеңімен бөлінді:
Турнир географиясының кеңдігіне байланысты туындаған жол жүру және орналасу шығындарын өтеу үшін ФИФА бюджетке қосымша 100 млн доллардан астам қаржы бөлді.
Бұл ақшаға ФИФА әр елдің футбол федерациясына 50 адамнан тұратын ұлттық делегациялар үшін бизнес-класспен барып-қайту авиабилеттерін, қонақүй мен тамақтану, ел ішіндегі тасымал және командаларға арнайы автокөлік паркін ұсынды.
Қаржылай сыйлықтан бөлек, биыл футбол тарихында алғаш рет чемпион атанған барлық ойыншылар мен бапкерлер құрамына ФИФА-ның арнайы жүзіктері табысталады. Бұл жаңашылдық американдық спорт лигаларының (NHL, NBA, NFL) дәстүріне негізделген.
Қолдан соғылған бұл бағалы жүзіктердің бір бетінде Әлем кубогы бейнеленсе, екінші бетінде жеңімпаз команданың (Испанияның) символикасы мен әр ойыншының жеке нөмірі қашалып жазылады.
Финалдан кейін Испания құрамасының капитаны мен бас бапкеріне жүзіктер бірден табысталды, ал қалған ойыншаларға өлшемдерін реттеп бергеннен кейін табысталады.
Бұл жүзіктердің 30 данасы чемпион командаға берілсе, тағы 1996 данасы ресми түрде 12 мың долларға сатылымға шығарылады.
A post shared by Gianni Infantino – FIFA President (@gianni_infantino)
Оқи отырыңыз: 120 минутқа созылған ойында Испания Аргентинаны жеңіп, Әлем чемпиондары атанды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026