Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты тағы екі жерден өртеніп жатыр

kz.kursiv.media

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты тағы екі жерден өртеніп жатыр

Бүгін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Семейпалатинск филиалының Пригородное орманшылығының 55 және 65 орамдарында екі орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Экомин қазіргі уақытта оқиға орнында орман өртін оқшаулау мен толық сөндіруге барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанына сендірді.

Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның 1 тікұшағы, «Семей орманы» МОТР тарапынан 6 автоцистерна, 3 трактор және 20 орман қызметкері, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінен 6 техника мен 17 қызметкер тартылған.

Сонымен қатар, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның Ми-8 тікұшағы өрт орнына қосымша күш ретінде жұмылдырылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, әрбір өрт ошағының ауданы шамамен 2 гектарды құрайды. Өрт қарағайлы орман алқабында тіркелген, төменгі өрт, қарқындылығы жоғары. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – найзағай разряды», делінген хабарламада.

Министрлік өрттің таралуына жол бермеу, оны қысқа мерзімде толық сөндіру мақсатында күштер мен құралдар жеткілікті көлемде жұмылдырылғанын атап өтті.

Бұған дейін «Қазақ орманы» ақпараттық ресурсы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған орман өрті дер кезінде ауыздықталғанын хабарлаған.

Айта кетейік, «Семей орманы» резерватында 16 шілдеде ірі өрт басталып, екі күннен кейін барып оқшауланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар