Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қара теңіздегі қазақ мұнайы тиелген танкерге тағы да дрон түсті

kz.kursiv.media

Қара теңіздегі қазақ мұнайы тиелген танкерге тағы да дрон түсті

20 шілде күні Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалындағы танкерге тағы да дрон шабуыл жасады. Новороссийск маңындағы Южная Озереевка терминалында мұнай тиеп тұрған «NELSA» танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты түскен. Бұл танкерге Қазақстан мен АҚШ компанияларының мұнайы тиеліп жатқан.

Соққы кеменің оң жақ артқы бөлігіне тиген. Салдарынан палубада өрт шығып, оны сөндіруге бірнеше сағат кетті. Өрт КҚК-ның апаттық-құтқару қызметі мен кеме ұжымының күшімен толық жойылды.

Кемедегі 22 экипаж мүшесі КҚК буксирлерімен қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Танкерде тек капитан мен оның аға көмекшісі қалды. Мұнай теңізге төгілмеген және танктердегі шикізат өртенбеді.

Осы оқиғадан кейін КҚК терминалында мұнай тиеу жұмыстары қайтадан уақытша тоқтатылды. Бұған дейін де осы терминалда екі танкер дрон соққысына ұшырап, жұмыс тоқтаған болатын.

КҚК – Қазақстан мұнайын сыртқа шығаратын басты бағыт. Мұнай экспортының 80%-дан астамы, атап айтқанда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орынынана өндірілген шикізаты осы құбыр арқылы жөнелтіледі.

Бұған дейін 19 шілдеде Қара теңіздегі танкерлерге дрон түсіп, ҚР Сыртқы істер министрлігі мұны елдің экономикалық мүддесіне төнген тікелей қауіп деп мәлімдеді. Сондай-ақ бұл әлемдік энергетика нарығын тұрақсыздандырады. Осы ретте Астана халықаралық құқық аясында шығынды өндіріп алуға құқылы екенін ескерткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар