Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атағынан бас тартты
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуінен бас тартты.
Sports.kz хабарлауынша, ол екінші орта салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдаған.
Бұл ақпаратты Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери растады.
«Жәнібек Әлімханұлы маған салмақ дәрежесін көтеретінін хабарлады. Енді ол екінші орта салмақта өнер көрсетеді. Ал Дензел Бентли толыққанды WBO чемпионы мәртебесіне ие болды», – деді Оливьери.
Осылайша орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі британдық Дензел Бентлиге өтті. Ол бұған дейін ұйымның уақытша чемпионы болған. Бұл атақты 4 сәуірде венесуэлалық Эндри Сааведраны жетінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп алған еді.
Айта кететін жайт, 33 жастағы Жәнібек Әлімханұлы қазір допинг дауына байланысты спорттан уақытша шеттетілген. Оның қанынан тыйым салынған зат табылған болатын. Десе де, спортшы жекпе-жектерге дайындығын бастап кетті.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026