Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аптап ыстықта балаларды көлікте қалдыру қауіпті – ТМЖ ескерту жасады

kz.kursiv.media

Аптап ыстықта балаларды көлікте қалдыру қауіпті – ТМЖ ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасап, аптап ыстықта балаларды жабық көлік ішінде қалдыруға болмайтынын хабарлады.

ТМЖ ақпаратына қарағанда, жазда күн қатты ысыған кезде жабық автокөлік салонындағы ауа температурасы бірнеше минут ішінде-ақ қауіпті деңгейге дейін көтеріледі.

«Бұл, әсіресе, балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Есіңізде болсын, сырттағы ауа температурасы 30–35°С болған жағдайда көлік салонындағы температура небәрі 10-15 минут ішінде 50-60°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың ағзасы қатты қызып, өміріне қауіп төнеді», – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, 5 жасқа дейінгі балалардың дене қызуын реттеу қиынға соғады. Денсаулық сақтау министрлігі жазда ыстықтан сақтану жолдары туралы ақпараттық жаднама жариялаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар