Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

+45 градусқа дейін ысиды, кей өңірде найзағай болады: 20 шілдеге ауа райы болжамы

kz.kursiv.media

+45 градусқа дейін ысиды, кей өңірде найзағай болады: 20 шілдеге ауа райы болжамы

20 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Елдің бір бөлігінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауылды жел күтілсе, оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары болады. Бірқатар өңірде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы кей жерлерде +45 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі.

Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл, ал солтүстік пен солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақытта тұман болжанып отыр.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының шығысы мен Жетісу облысының шығыс және таулы аудандарында ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38…+40 градус, Түркістан облысында +40…+44 градус ыстық болады.

Ең жоғары температура Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында тіркеледі деп болжануда. Бұл өңірлерде ауа +43…+45 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде +41 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Синоптиктер бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын да ескертті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар