Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Испания халқы чемпиондарын атойлап қарсы алды (фото)

kz.kursiv.media

Испания халқы чемпиондарын атойлап қарсы алды (фото)

20 шілде күні Мадрид әуежайына футболдан Әлем чемпиондары Испания ұлттық құрамасы мінген ұшақ келіп қонды.

Отанына оралған бойда құраманың футболшылары мен бапкерлер штабын Сарсуэла сарайында Испания королі Фелипе VI, королева Летисия, тақ мұрагері ханшайым Леонор және инфанта София арнайы қабылдады.

Патша отбасының құттықтауынан кейін испандық ұжым елдің Премьер-министрі Педро Санчестің резиденциясына бет алды.

Ресми шарадан соң чемпиондардың қала орталығындағы автобуспен шеруі басталды. 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы тарихи жеңісті атап өту үшін Мадрид көшелеріне 2 миллионнан астам жанкүйер шығып, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, «қызыл фурия» арада 16 жыл салып, өз тарихында екінші мәрте Әлем чемпионы атанып отыр.

Испания астанасының орталық көшелері мен Пуэрта-дель-Соль сияқты бас алаңдарына жиналған қалың халық ән салып, би билеп, от шашып, жеңісті түн жарымына дейін тойлады.

Шеруден кейін дәл осы Пуэрта-дель-Соль алаңында өрттей лаулаған мерекелік концерт өтіп, футболшылар Әлем кубогын халық алдында тағы бір мәрте аспанға көтерді.

АҚШ-тағы турнирдің финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды қосымша уақытта «Барселонаның» шабуылшысы Ферран Торрес соқты.

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар