Зейнетақы жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2027 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы біржолғы өтеуді көздейтін бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылатынын хабарлады.
Еңбекмин мәліметінше, өзгеріс зейнетақы жүйесін икемдірек, кәсіби әрі ұзақ мерзімді нақты инвестициялық табыстылыққа бағдарланған жүйеге айналдыруға бағытталған.
2026 жылғы 7 шілдеде қол қойылған заңға сәйкес, қыркүйектен бастап зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Осыған дейін салымшылар жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға зейнетақы активтерінің 50%-ынан аспайтын бөлігін ғана сенімгерлік басқаруға бере алса, енді шектеу жойылады. Азаматтарға жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы ұсынылады.
«Осылайша, қазақстандықтар өз қаражатын басқаруда толық таңдау еркіндігіне ие болып, тәуекелі төмен немесе жоғары табысты инвестициялық стратегияны өз қалауынша таңдай алады, – дейді министрліктегілер.
Министрлік мұндай жағдайда инфляциялық тәуекелдерді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен автоматты түрде өтеудің экономикалық негізі жойылатынын ескертті.
«Салық төлеушілердің қаражаты азаматтардың жеке инвестициялық шешімдерінің нәтижесін өтеуге жұмсалмауға тиіс. Сонымен қатар жеке инвестициялық портфельді басқарушылар қатаң қаржылық жауапкершілікке ие және теріс инвестициялық нәтиже туындаған жағдайда айырманы өз капиталы есебінен өтеуге міндетті. Оларға меншікті капитал көлеміне (кемінде 1,9 млрд теңге немесе 440 мың АЕК) және қызмет тәжірибесіне қатысты жоғары талаптар қойылады», – делінген хабарламада.
Консервативті инвестициялық тәсілді таңдаған салымшылар үшін негізгі басқарушы бұрынғыдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қала береді.
Қазіргі уақытта Еңбек министрлігі қолданыстағы зейнетақы жүйесін трансформациялау мәселелері бойынша жұмыс тобын құрған. Оның аясында сақтандыру құрамдасын енгізу, «4+1» моделі, еңбек өтілін 40 жылға дейін есепке алу, сондай-ақ Сингапурдың зейнетақы жүйесінің моделі сияқты түрлі тәсілдер қарастырылмақ.
Бұған дейін, елде зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы қарастырылып жатқаны хабарланған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026