Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодардағы фермада қаза тапқандардың несиелері жабылады

kz.kursiv.media

Павлодардағы фермада қаза тапқандардың несиелері жабылады

Павлодар облысындағы сүт фермасында алты қызметкер қаза тапқаннан кейін олардың отбасыларына жыл соңына дейін жалақы төленеді, несиелерін өтеуге және балалары кәмелетке толғанға дейін оқуына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді.

Байханов қаза тапқандардың отбасыларымен кездесіп, көңіл айтты және оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

«Оларға мемлекеттік органдар тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Отбасыларға арнайы материалдық көмек көрсетіледі, жыл соңына дейін жалақы беріледі, бар несиелерін өтеуге көмектеседі, компания кәмелетке толмаған балаларды 18 жасқа толғанға дейін асырау және оқыту шығындарын өз мойнына алады», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Байханов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне, полиция департаментіне және Павлодар облысының прокуратурасына қайғылы оқиғаны тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ол оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, адамдардың өліміне кінәлілердің жауапкершіліктен құтылып кетпеуін талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, «Aqtogai Milk» ЖШС сүт фермасындағы қайғылы оқиға 20 шілдеде болды. Кәріз құдығында жеті жұмысшы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар электр сорғышындағы ақауларды жойып жатқан. Жазатайым оқиға салдарынан алты адам қаза тапты. Жалғыз аман қалғаны – 38 жастағы ер адам. Ол ауруханаға жатқызылды.

Адамдардың өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар