ФИФА рейтингіндегі Қазақстан құрамасының орны жарияланды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Sports.kz хабарлауынша, Қазақстан құрамасы бұрынғыдай 111-орында қалды.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасының еншісінде 1180,78 ұпай бар.
Наурыз айында қазақстандық футболшылар FIFA Series 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Намибияны 2:0, ал Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңген болатын.
Маусым айында ұлттық құрама екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Армениямен 1:1 есебімен тең түссе, кейін Венгриядан 1:3 есебімен жеңілді.
Венгриядан жеңілгеннен кейін Қазақстан құрамасы 2,26 ұпайынан айырылғанымен, әлемдік рейтингтегі 111-орнын сақтап қалды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026