Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда банктің және мекеменің қоңыраулары экранда арнайы белгімен көрсетілмек

kz.kursiv.media

Қазақстанда банктің және мекеменің қоңыраулары экранда арнайы белгімен көрсетілмек

Қазақстанда банктерден, мемлекеттік органдардан және қызмет көрсететін компаниялардан түсетін ресми қоңырауларды ажырату оңайлайды.

Енді ұялы телефон экранында арнайы белгімен көрсетіледі. Бұл жаңашылдық телефон алаяқтығымен күресу үшін енгізіліп, тамыз айының соңында жаңа заңмен бірге күшіне енеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоңырауларды таңбалау азаматтарға ресми қоңырауды алаяқтардың қоңырауынан бірден ажыратуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар интернетке қолжетімділік, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін тек лицензиясы бар операторлар ғана көрсете алады.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар байланыс операторлары жіберетін жарнамалық және ақпараттық хабарламалардан, сондай-ақ автоматты қоңыраулардан бас тарта алады.

Айта кететін жайт, Жасанды интеллект бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин ЖИ жіберген қателіктердің барлығына адамның өзі ғана жауапты екенін айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар