Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда Дина Нұрпейісованың портретін әкімдік өшіре алмай жатыр

kz.kursiv.media

Атырауда Дина Нұрпейісованың портретін әкімдік өшіре алмай жатыр

Атырауда Дина Нұрпейісованың портретін сомдауға керек болған сызбаларды әкімдік өшіре алмай жатыр.

Ақжайық ақпаратына қарағанда, 5 шілдеде Атырауда Домбыра күні кең көлемде аталып өткен. Мерекенің басты көріністерінің бірі – «Сұлтан Бейбарыс» алаңында жүздеген домбырашы мен биші Дина Нұрпейісованың бейнесін бейнелеген қойылым болды.

Онда 2500 домбырашы ерекше композици жасаған еді.

Қатысушылардың дәл орналасуы үшін алаңның тас төсеміне алдын ала арнайы сызбалар мен белгілер салынған. Алайда мерекеден кейін бұл белгілерді өшіру мүмкін болмай отыр.

«СпецАвтоБаза» ЖШС қызметкерлері суретті бірнеше рет кетіруге тырысқанымен, бояу өшпеген. Қазір алаңда Дина Нұрпейісованың портретінің сұлбасы әлі де анық көрінеді.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Әзірге Атырау әкімдігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ал Астанада Домбыра күнінде елордалық амфитеатрда мерекелік концерт өтті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар