Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Батыс Қазақстан университетінің ректоры ұсталғаны хабарланды

kz.kursiv.media

Батыс Қазақстан университетінің ректоры ұсталғаны хабарланды

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Серғалиев ұсталғаны туралы мәлімет тарады. Ақпаратты заңгер Бауыржан Ахметжан әлеуметтік желіде жариялады.

«Махамбет Өтемісұлы атындағы университетте қызмет атқаратын қызметкерлердің хабарлауы бойынша, бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев лауазымдық міндетін асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталып, жұмыс орны бойынша тінту жұмыстары жүргізіліп жаты», – деп жазды қоғам белсендісі Facebook-тегі парағына.

Заңгердің айтуынша, қылмыстық істі ҰҚК БҚОД Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Белсенді университеттегі тексеруге қатысты қосымша мәлімет жариялауға уәде берді.

Серғалиев БҚУ ректоры қызметіне 2018 жылғы 21 мамырда тағайындалған. Ол университетті алты жылдан бері басқарып келеді. 2014–2017 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің (БҚАТУ) ректоры болған.

Нұрлан Серғалиев – 2023 жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар