Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті

kz.kursiv.media

Павлодар облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті

21 шілдеде Павлодар облысының Қоңырөзек ауылында қатты жел салдарынан 12 тұрғын үй мен Мәдениет үйінің шатырлары зақымдалды, сондай-ақ, электр беру желілерінің зақымдануы тіркелді.

«2026 жылғы 21 шілдеде Успен ауданында қатты желдің салдарынан инфрақұрылым нысандары зақымдалды. Сағат 15:55-те Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында электр беру желілерінің 7 тірегі (10 кВ әуе желісі) зақымдалды. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын аудандық электр желілерінің (АЭЖ) күштері жүргізуде: 10 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды», – деп хабарлады Успен ауданының әкімдігі.

Сондай-ақ, сағат 16:25-те Қоңырөзек ауылында қатты желдің салдарынан 12 жеке тұрғын үй мен Мәдениет үйі ғимаратының шатыры ұшып кетті. Зақымданудың жалпы аумағы нақтылануда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД күштері – 27 қызметкер және 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, Қоңырөзек ауылында барлығы 650 адам тұрады, 190 аула бар. Жағдай бақылауда, ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындаған зардаптарды нақтылау және зақымдануларды жою жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін 21 шілдеде елдің солтүстігінде жаңбыр жауып, жел тұратынын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар