Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың құқықтық мәртебесін анықтау келесі жылға қалды

kz.kursiv.media

Өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың құқықтық мәртебесін анықтау келесі жылға қалды

Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәртебесін анықтау мәселесін 2027 жылға қалдырды. Әлеуметтік және Кәсіпкерлік кодекстерге өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін бекітуге қатысты өзгерістер енбейтін болды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-ші отырысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесіне қатысты түзетулер талқыланған.

«Талқылау қорытындысында Әлеуметтік және Кәсіпкерлік кодекстерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін бекітуге қатысты өзгерістерді ағымдағы түзетулер пакетіне қоспау туралы шешім қабылданды. Бұл мәселені қарауға келесі жылы жаңа режимді қолдану тәжірибесі қалыптасып, оның жұмысының нәтижелері жинақталған кезде оралу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Қос заңға түзету енгізу мәселесіне жаңа Салық режимін қолдану тәжірибесі жинақталған соң қайта қаралады.

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Салық кодексі қабылданып, бұрын қолданыста болған жеті бірдей арнаулы салық режимінің (АСР) қатары үшке дейін қысқарды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылған. Олардың жалғыз міндеттемесі – тапқан табысының 4%-ы мөлшерінде бірыңғай әлеуметтік төлем аудару.

Биыл өзін-өзі жұмыспен қамтушылар көп тіркеле бастаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар