Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаскелең перзентханасында үшем шетінеп кетті

kz.kursiv.media

Қаскелең перзентханасында үшем шетінеп кетті

Алматы облысындағы Қаскелең перзентханасында жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келген үшемнің үшеуі де көз жұмды.

КТК ақпаратына қарағанда, сәбилердің ата-анасы оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп, полицияға арыз жазды.

28 жастағы Айдана Оразбаева үш ұлды жүктіліктің алтыншы айында дүниеге әкелген. Туыстарының айтуынша, екі сәби туғаннан кейін көп ұзамай шетінеген. Ал үшінші баланың қайтыс болғанын әкесі кейін кездейсоқ білген.

Марқұм сәбилердің жақындарының сөзінше, дәрігерлер бастапқыда әйелге кесарь тілігін жасау қажеттігін айтқанымен, кейін табиғи жолмен босандыру туралы шешім қабылдаған.

Айдана Оразбаеваның туысы Жазира Төлешованың айтуынша, әйел соңғы бір ай бойы жүктілікті сақтау мақсатында ауруханада жатқан. Босанар күні үйіне сұранып шыққанымен, аяқ астынан толғағы басталып, қағанақ суы кеткен.

Туыстарының мәліметінше, медицина қызметкерлері екі нәрестенің мәйітін ешқандай құжатсыз қорапқа салып берген. Отбасы мәйіттерге ДНҚ сараптамасын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын толық анықтауды талап етеді.

Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының мәліметінше, әйел ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген.

Медицина мекемесінің түсіндіруінше, жүктіліктің 25-аптасында үшемді босану – аса ауыр жағдай саналады. Сәбилердің әрқайсысының салмағы 500 грамнан төмен болған. Мұндай жағдайда өкпе мен орталық жүйке жүйесі секілді өмірлік маңызды ағзалар толық қалыптасып үлгермейді.

Дәрігерлер барлық медициналық көмек қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілгенін мәлімдеді.

Қазір отбасы үшінші сәбидің мәйітін беруді күтіп отыр. Жақындары полицияға арыз түсірген.

Үшемнің нақты неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Айта кететін жайт, Алматыда 2026 жылдың басынан бері үш үшем дүниеге келген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар