Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар көбіне қандай көлік алғанды құп көреді

kz.kursiv.media

Қазақстандықтар көбіне қандай көлік алғанды құп көреді

Қазақстанның Автокөлік Одағы көлік өндірісінің 2026 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштерін жариялады.

Жарты жылда кәсіпорындар 96 089 автокөлік пен техника шығарған. Бұл былтырғы ұқсас кезеңдегі (71 475 бірл.) нәтижеден 34,4% көп. Оның ішінде 88 886 жеңіл автокөлік (+37,2%), 3 422 жүк көлігі (-1,2%); 1 466 автобус (+27,6%), 557 арнайы техника (+45,1%), 1 758 тіркеме және жартылай тіркеме (+4,5%) өндірілген.

Кәсіпорындар көшін Қостанайдағы Allur («СарыаркаАвтоПром») зауыты бастап тұр, 34 560 автокөлік шығарған. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan 25 678, Hyundai Trans Kazakhstan 19 530, Kia Qazaqstan 9 772 автокөлік өндірген.

Коммерциялық және мамандандырылған көлік өндірушілер арасында QazTehna компаниясы өндіріс көлемін 1 584 бірлікке дейін ұлғайтса, СемАЗ 1 513 автокөлік, КАМАЗ-Инжиниринг – 672, Hyundai Trans Almaty 645 техника жасады. Сонымен қатар үздіктар қатарында Daewoo Bus Kazakhstan (302 ), Orbis Machinery (153.) және «Уральскагрореммаш» АҚ (116) кәсіпорындары бар.

2026 жылғы қаңтар-маусым аралығында жеңіл көліктер арасында көп сатылған брендтер:

Автокөлік саласының дамуы үкіметтің бүгінгі отырысының да басты тақырыбына айналды. Отырыста елдің алғашқы автокөлік бренді, отандық автобус бренді, VOLVO және электр жүк көліктерінің өндірісі, автокомпоненттер шығару, отандық өндірістің көліктің арзандауына әсері, жаңа мамандықтардың пайда болуы мен маман даярлау мәселелері сөз болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар