Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

10 шақырымға 2,43 млрд теңге: Қайыңдыға апаратын жол құрылысы қашан бітеді

kz.kursiv.media

10 шақырымға 2,43 млрд теңге: Қайыңдыға апаратын жол құрылысы қашан бітеді

Алматы облысында туристер ең көп баратын жерлердің бірі – Қайыңды көліне апаратын жол құрылысы қашан аяқталатыны мәлім болды. 10 шақырымдық жол құрылысы былтыр басталған.

Қайыңдыға апаратын жол құрылысы 2025 жылғы қазанда басталған Қазір бар болғаны 10 шақырымның 2,5 шақырымына ғана асфальт төселді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін ойлы-қырлы жол тегістелген. Жол бойына 42 су құбыры орнатылған. Асфальт енді ғана төселіп жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, биыл жол құрылысына шамамен 1,37 млрд теңге аударылды. Жобаның жалпы құны – 2,43 млрд теңге. Қайыңды көлі Кеген ауданы аумағында орналасқан. Ауданды палуан Нұрбақыт Теңізбаев басқарады.

Жаңа жол 2026 жылғы тамыз айында ашылады. Облыс әкімдігі енді Қайыңды көліне қатынау едәуір жеңілдейді деп есептейді. Инфрақұрылым өңірге келетін туристер санының артуына оң ықпал етеді. Бұған дейін сұлу көлге адамдар жол талғамайтын көліктермен ғана қатынайтын. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда Қайыңдыға кетіп бара жатқан жолда шетел бір турист апатқа ұшырап, соның салдарынан қайтыс болған.

Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жазғы уақытта тәулігіне 7-8 мың турист демалуға келеді. Сол себепті оларға бару үшін күні бұрын билет алуға тура келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар