Баян Алагөзованың құдағиы депутаттық сайлауға түседі
Танымал дәрігер-онколог, ҚазҰМУ-дың бірінші проректоры Диляра Қайдарова «Әділет» саяси партиясынан Кұрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды. Оның есімі партия бекіткен 186 адамнан тұратын тізімге енген.
Диляра Қайдарованың ұлы Әлішер Қайдаров пен Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек 2019 жылы шаңырақ көтерген еді.
Диляра Қайдарова – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры, бұған дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған.
Айта кетейік, «Әділет» партиясы сайлауға ұсынған кандидаттар тізімінде медицина, білім, бизнес пен қоғамдық саланың басқа да танымал өкілдері бар. Толық тізімде сілтеме арқылы көре аласыз.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026