Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Омониядан» өтсе, кіммен кездеседі

kz.kursiv.media

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Омониядан» өтсе, кіммен кездеседі

Алматылық «Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыласы анықталды.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері екінші кезеңде Кипрдің «Омония» клубын ұтқан жағдайда, келесі кезеңде «Левски» (Болгария) – «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» кипрлік Омония командасымен кездеседі. Алғашқы ойын 22 шілде күні Никосияда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал қарымта ойын 29 шілдеде Алматының Орталық стадионында өтеді.

Еске сала кетейік, еурокубоктың алғашқы іріктеу кезеңінде алматылық ұжым Черногорияның «Сутьеска» клубынан айласын асырған болатын.

Егер «Қайрат» екінші кезеңде кипрлік «Омонияға» есе жіберіп алса, еурокубоктық сапарын Еуропа лигасында жалғастырады. Ондай жағдайда алматылық клуб «Мьельбю» (Швеция) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) текетіресінде жеңіліс тапқан командамен кездесетін болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар