Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан 5 мың тонна етті салықсыз импорттауға рұқсат бермек

kz.kursiv.media

Қазақстан 5 мың тонна етті салықсыз импорттауға рұқсат бермек

Қайта өңдеуші кәсіпорындар шетелден 5 мың тонна ірі қара мал етін бажсыз әкелуге рұқсат берілмек. Жеңілдік бекітілген тарифтік квота шеңберінде бөлінеді.

Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің кейбір мәселелері туралы» деп аталады.

Тарату тәртібі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген әдіске сәйкес жүреді.

Жаңа бастама отандық қайта өңдеуші кәсіпорындарға сырттан шикізат тасымалдауды жеңілдетуге бағытталған.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) елдеріне сырттан келетін сиыр етіне қатысты кеден ережелеріне өзгеріп, енді еттің белгілі бір көлемін баж салығынсыз, яғни жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілді.

Бұл жеңілдік аясында Қазақстан мен Қырғызстан 5 мың тонна, Беларусь пен Армения 7,5 мың тонна, ал Ресей 100 мың тоннаға дейін сиыр етін салық төлемей импорттай алады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар