Технология Қытайдан, дизайны Қазақстаннан: «Астана» брендімен автобустар шығарылады
Қазақстанда жаңа отандық автобус бренді пайда болады. «Астана» маркасымен дизельді және газбен жүретін автобустар шығару биыл қараша айында басталады. Бұл туралы «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.
Нұрлан Смағұловтың айтуынша, компанияның негізгі жобаларының бірі – өз брендімен қоғамдық көліктер шығару.
«Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – «Астана» атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленді. Олардың өндірісінде әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобус дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер қатысты», – деді ол.
Жаңа автобустар толықтай Қазақстан аумағында өндіріледі.
Компания басшысының айтуынша, алғашқы кезеңде дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі іске қосылады.
Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп, жаңа аккумуляторлық батареялар қолданылатын электр көліктерінің желісін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Астана» маркалы электр автобустарын шығару 2027 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстанда жүк көлігі өндірісін кеңейту бағытында жаңа жобалар қолға алынған. Соның бірі – Hyundai Trans Auto кәсіпорнында VOLVO маркалы жүк көліктерін шығару. Жоспар бойынша жылына 500 көлік өндіру қарастырылған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026