Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Отбасы банк 2025 жылғы пайдасынан кезекті рет дивиденд төледі

kz.kursiv.media

Отбасы банк 2025 жылғы пайдасынан кезекті рет дивиденд төледі

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2025 жылғы қызметі үшін акционеріне кезекті рет дивиденд төледі. Бұ туралы қаржы есебі депозитарийінде жазылған.

Жалғыз акционер – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банк былтырғы таза табысынан 20 млрд теңге екінші транш дивиденд төленген.

Отбасы банк 2025 жылы 127,4 млрд теңге таза пайда алған. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы былтыр таза пайдасын 6,7 млрд теңгеге арттырған. Банк осы 127,4 млрд теңге табысының 100 млрд теңгесін дивиденд ретінде төлемек.

Бұл қаржының 40 млрд теңгесі екі бөліп төленіп, 60 млрд теңгесін 18 тамызға дейін аудару жоспарланған.

Қаржы ұйымы 2003 жылғы 10 шілдеде құрылған. 2017 жылдан бері осы мекемені Ләззат Ибрагимова басқарып келеді.

Тұрғын үй құрылысы және жинақ жүйесін жүзеге асырумен шұғылданатын банктің құрылтайшысы – Қазақстан үкіметі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар