Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қорғаныс министрлігі ұшу апаратын қолдану мамандарын даярлайды

kz.kursiv.media

Қорғаныс министрлігі ұшу апаратын қолдану мамандарын даярлайды

Әскери оқу орындарында ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев мәлімдеді.

Спикер әскери білім беру жүйесі оқу процесіне озық цифрлық шешімдерді, симуляциялық технологияларды, жасанды интеллект элементтері мен қорғалған IТ-инфрақұрылымды жүйелі түрде интеграциялап жатқанын атап өтті.

«Практикалық дайындықта ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану ерекше орын алады. Курсанттар мен кадеттер ҰҰА-ны пайдалана отырып, барлау, отты түзету, бақылау және жағдайды бағалау мәселелерін, сондай-ақ, қарсыластың ұшқышсыз құралдарына қарсы іс-қимыл шараларын меңгереді. Ұшқышсыз кешендерді бөлімшелерді басқару жүйесіне интеграциялау бойынша құзыреттіліктер қалыптасуда, бұл ақпаратты алудың жеделдігі мен бағыттаудың дәлдігі табыстың негізгі факторларына айналатын қарулы күрестің қазіргі заманғы сипатына сәйкес келеді», – деді Олжабаев.

Департамент бастығы, сондай-ақ, әртүрлі әскери бөлімдердің қатысуымен тұрақты түрде ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізіліп тұратынын хабарлады. Жаттығулар барысында авиацияның, артиллерияның, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, байланыс және радиоэлектрондық күрес бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталады.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз кешендерді басқарудың бірыңғай жүйесін дамытуға және олардың радиоэлектрондық әсер ету жағдайындағы жұмысының тұрақтылығын арттыруға көңіл бөлуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар