Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көрші елдердегі инфляция: Қырғызстан көш бастады

kz.kursiv.media

Көрші елдердегі инфляция: Қырғызстан көш бастады

Қазақстанда бағаның өсу қарқыны көрші елдердің басым бөлігінен жоғары болып тұр. 2026 жылғы маусымда елдегі жылдық инфляция 10,3% болды. Көршілер арасында бұдан жоғары көрсеткіш тек Қырғызстанда тіркелді — 11%.

Өзбекстанда жылдық инфляция маусымда 6,4%-ға жетті. Мамырда көрсеткіш 5,5% болған, яғни бір айда баға өсімі қайта жылдамдаған. Дегенмен былтырғы маусымдағы 8,7%-бен салыстырғанда инфляция айтарлықтай төмен.

Тұтыну бағаларының бір жылдағы өзгерісі. Елдер инфляциядеңгейінің жоғарысынан төменіне қарай орналастырылды.

Ресейде жылдық инфляция 6,02% болды. Мамырда ол 5,31% еді. Ресейдің Орталық банкі маусымдағы өсімді жанармай жеткізіліміндегі уақытша үзілістермен, байланыс тарифтерінің қымбаттауымен және жеміс-көкөніс бағасының көтерілуімен байланыстырады.

Қытайда жағдай мүлде бөлек. Маусымдағы инфляция небәрі 1% болды. Азық-түлік бағасы бір жылда 1,6%-ға арзандаса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,5%-ға қымбаттаған. Нәтижесінде Қытайдағы баға өсімі Қазақстанмен салыстырғанда он еседен астам төмен.

Түрікменстан бойынша маусымға арналған халықаралық деңгейде салыстыруға болатын ашық ресми көрсеткіш жарияланбаған. Халықаралық валюта қорының 22 маусымдағы бағалауынша, елдегі инфляция 2026 жылдың соңында шамамен 6,9%-ға жетуі мүмкін. Бұған азық-түлік пен импорттық тауарлардың қымбаттауы әсер етеді. Сондықтан бұл сан инфографикада нақты маусымдық дерек емес, болжам ретінде бөлек көрсетілді.

Жалпы салыстыру Қазақстандағы баға қысымының өңір үшін әлі де жоғары екенін көрсетеді. Инфляция Қырғызстаннан сәл төмен болғанымен, Ресей мен Өзбекстаннан бір жарым еседен астам, ал Қытайдан он еседен астам жоғары.

Тағы да оқыңыз: Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмен түсіруге уәде берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар