Күзде Астанадан Шанхайға тікелей рейс ашылуы мүмкін
Астана мен Шанхай арасындағы тікелей әуе қатынасын осы күзде ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Маршрутты іске қосу мәселесін Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпьева мен China Eastern Airlines басшылығы оның Қытайға сапары барысында талқылады.
Әуе компаниясының өкілдері маршрутқа қызығушылық танытып отырғандарын растады және дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін күзден бастап ұшуды бастауға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Алғашқы кезеңде ұшақ аптасына үш рет ұшатын болады. Кейіннен тасымалдаушы рейс жиілігін күн сайынғы деңгейге дейін арттыруды жоспарлап отыр.
«Тараптар, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы маршруттық желіні одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Әуе компаниясының басшылығы Қазақстанға рейстер санын арттыруға мүдделі», – делінген хабарламада.
China Eastern Airlines Қытайдың ең ірі үш мемлекеттік әуе компаниясының қатарына кіреді. Тасымалдаушы өткен жылы 150 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхай қаласында болған. Ол Қытайға Си Цзиньпиннің арнайы шақыртуымен барған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 20
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
21 шілде 2026