Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сүлейменова Ресейде жүр: "Сириус" мектептері Қазақстанда да ашылады

kz.kursiv.media

Сүлейменова Ресейде жүр: Сириус мектептері Қазақстанда да ашылады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастаған делегация Ресейдің Сочи қаласына барып, «Сирус» білім мекемелерін аралады. Осындай мектеп Астана мен Алматы қалаларында да ашылады.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері «Сириус» федералдық аумағындағы мектепте білім беруді ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Олар дарынды балаларды ерте анықтау және қолдау, педагогтерді даярлау, оқушылардың зерттеу қызметін дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Делегация «Сириус» білім беру орталығында, Президент лицейінде, «Сириус» ғылыми-технологиялық университетінде, колледжде, заманауи зертханалар мен инновациялық білім беру алаңдарында болды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана мен Алматы қалаларында да «Сириус» мектептері ашылатыны 2025 жылдың қыркүйегінде мәлім болған. Мәселе жыл басында Кремльде талқыланған. 2026 жылғы 17 қаңтарда Алматыда федералдық мектептің іргетасы қаланған. Ал 28 мамырда Астанада мектеп құрылысының капсуласы салынған. Мектеп құрылыстары 2029 жылға қарай аяқталуы тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар