Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әскери жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталды

kz.kursiv.media

Әскери жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталды

Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына құжаттар қабылдау жалғасуда. Қабылдау науқанының барысы мен әскери білім беру жүйесінің дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев айтып берді.

Оның айтуынша, әскери институттар мен колледждерге құжаттарды 15-31 шілде аралығында тапсыруға болады. Биыл талапкерлер үшін әскери институттарда 723 квота және әскери колледждерде 760 орын қарастырылған. Оқу кезінде курсанттар мен кадеттер толықтай мемлекет қамқорлығында болады, ал оқуды бітіргеннен кейін әскери лауазымдарға тағайындалады.

Өткен жылдан бастап әскери оқу орындарына түсу үшін құжаттарды eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың арқасында құжаттарды ресімдеу мерзімі 120 күннен 30 күнге дейін қысқарды, ал іріктеу процедуралары еліміздің барлық өңірлерінен келген талапкерлер үшін ашық әрі қолжетімді бола түсті.

Бұдан бөлек, әскери білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жалғасуда. Мәселен, брифингте бүгінде 300-ден астам қазақстандық курсант Қытай, Түркия, Корея, АҚШ, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения және Беларусь елдерінің әскери оқу орындарында Қазақстан Қарулы Күштерінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алып жатқаны атап өтілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қорғаныс министрлігі ұшу апаратын қолдану мамандарын даярлайтынын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар