Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде көліктің капотына отырып видео түсірген екі қызға айыппұл салынды

kz.kursiv.media

Семейде көліктің капотына отырып видео түсірген екі қызға айыппұл салынды

Семей қаласында көліктің капотына отырған қыз бен оны тізгіндеген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, оқиға 14 шілдеде Қарағайлы шағын ауданында болған. Бір қыз Toyota RAV4 көлігін жүргізіп, екіншісі көліктің капотына отырып видео түсірген. Оны әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

Құқық қорғау органдары түсірілімге қатысқан екі қыздың әрекетін «жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу» деп бағалады.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың жеке басы жедел анықталған.

Көлікті басқарған 22 жастағы қала тұрғыны «көлік құралынан тыс жерде» жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ қозғалыс кезінде көліктің капотында отырған 24 жастағы жолаушы да жол қозғалысы ережесінің талаптарын бұзғаны үшін айыппұл арқалады.

Айта кететін жайт, бес айда 80 рет жол ережесін бұзған астаналық 15 тәулікке қамалды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар